"ӨКМ Операторы" ісі бойынша басты сот отырысының өтетін күні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ӨКМ Операторы" ісі бойынша басты сот отырысының өтетін күні белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елордадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында өткен алдын ала сот отырысында судья Кемеңгер Имашев басты сот отырысының мерзімін белгіледі.
"17 сәуірде сағат 10:00-де іс бойынша басты сот отырысы өтеді", - деді Имашев.
Айта кетейік, айып тағылғандар қатарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұрынғы вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов, "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, бұрынғы қаржы директоры Рустам Темірбек және "ӨКМ Операторының" экс-бас директоры, Украина азаматы Светлана Коротенко бар. Олар "ӨКМ Операторы" ЖШС-де миллиардтаған ұрлық жасады деп айыпталып отыр.
Еске салайық, былтыр 1 сәуірде 13 миллиард теңгеден аса ақша жымқырды деген күдікпен "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директоры ұсталған болатын.
Антикор мәліметінше, қылмыстық іс-әрекеттер 2016-2019 жылдар кезеңінде "ӨКМ Операторы" ЖШС-нің басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалған.
Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Оның іс-әрекеттеріне қорытынды құқықтық баға сот арқылы беріледі. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейтіні белгілі болды.
Ал 2022 жылғы 28 қаңтарда экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ Операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев мамандандырылған ауданаралық тергеу соты санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!