17 мамыр 2018 16:46

ОҚО-да 200 мың теңге үшін 24 жастағы қызды өлгенше ұрып-соққан такси жүргізушісі сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте 24 жастағы қызды тонап, артынша оны өлтіріп кеткен такси жүргізушісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО-ның Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.


Шымкентте 24 жастағы қызды тонап, артынша оны өлтіріп кеткен такси жүргізушісі сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО-ның Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, түркістандық 26 жастағы такси жүргізушісі 19 жылға сотталды.

"Бұл іс сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 5-тармағы және 99-бабының 1-бөлігі бойынша түсті. Сот отырысында прокурор сотталушыға жаңа айып тақты. Нәтижесінде ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 10-тармағы бойынша, яғни, басқа қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіргені үшін сотталды. Прокурор 18 жыл сұрады, алайда сот жасалған қылмыстың ауыр болғанын ескере отырып, ер адамды 19 жылға соттады", - деді судья Самиддин Темірәлиев.

Іс материалдарына қарағанда, сотталушы биыл қаңтар айында 24 жастағы Әйгерім Тасболатованы тонап кетіп, кейіннен өлтіріп кеткен.

Қыздың туыстарының айутынша, олар 11 қаңтарда қызға өздерінің банк картасын берген. Яғни, қыз жақын маңдағы терминалдан жалақысын шешіп алмақ болған. Енді қыздың ата-анасы такси жүргізушісінің қызды банкомат жақтан кездейсоқ көріп қалып, оны күтіп, таксимен өзім апарып жеткіземін деп айтып, артынша қала шетінде өлтіріп кетті деп болжап отыр.

Сондай-ақ, осыған дейін ер адамның қызды өлтірмес бұрын әбден ұрып-соққаны жайлы айтылған еді. Қыз екі апта уақыт іздестірілген болатын.

Тергеу барысында такси жүргізушісінің бұл қылмысты банктегі 40 мың теңге қарызын төлеу үшін жасағаны анықталды. Тергеу мәліметінше, ер адам қыздың шамамен 205 мың теңгесін алып кеткен.

Бірақ қайтыс болған қыздың туыстары соттың бұл шешіміне наразы. Айтуынша, олар ер адамды 25 жылға соттауды сұраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети