23 наурыз 2018 | 13:56

ОҚО-да аудан әкімдері мен "Ордабасы" ФК президенті алаяқтың құрбаны болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ордабасы" футбол клубының президенті Бақтияр Байсейітов пен Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан әкімдері команданың бұрынғы ойыншысы Елдар Бақтығалиев жалғыз өзі күдікке ілініп отырған алаяқтық ісі бойынша 11 жәбірленушінің қатарында бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Ордабасы" футбол клубының президенті Бақтияр Байсейітов пен Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан әкімдері команданың бұрынғы ойыншысы Елдар Бақтығалиев жалғыз өзі күдікке ілініп отырған алаяқтық ісі бойынша 11 жәбірленушінің қатарында бар болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 жастағы экс-футболшының ұсталғаны жайлы 2018 жылдың ақпанында белгілі болған еді, сол кезде оған қатысты қылмыстық іс сотқа түскен. Бақтығалиевке ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылған. Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам өз құрбандарынан алдап, алты миллион теңге алып қойған. Айыптау актісі бойынша, бұрынғы "ордабасылық" түрлі деңгейдегі шенеуніктерді алдап соққан.

Жәбірленушілердің арасында Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары бар болып шыққан. Тергеу нұсқасы бойынша, Бақтығалиев ОҚО әкімінің атын жамылып, олардан ірі көлемде ақша алған. Жәбірленушілер артық сұрақ қоймай, өңір басшысының атын естіген соң-ақ ақша аударып отырған.

Ең көп қаражат жоғалтқан Бақтияр Байсейітов - ол 1,5 миллион теңгесінен айырылып қалған. Ол қаражатын қайтарса, бұрынғы ойыншыға кешірім беруге дайын екен.

Елдар Бақтығалиев жәбірленушілердің бірінің көрсетпесі бойынша ұсталған. Жігіт кінәсін толықтай мойындап, барлық ақшаны қайтаруға уәде беріп отыр. 

Басты сот отырысы Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық сотында өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети