Ордабасы аудандық полициясы екі адамды өлтірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
Ордабасы аудандық полициясы екі адамды өлтірген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
"2018 жылы 23 ақпанда Ордабасы аудандық кезекші бөліміне Шұбарсу ауылының жедел жәрдем дәрігерлерінен 52 жастағы әйелдің дене жарақаттарымен табылғаны жайлы хабар түскен. Оқиға орнына келген полицейлер 23 және 52 жастағы екі әйелдің денесін тапқан. Күдікті өзімен бірге тұратын әйелін және анасын өлтіргені белгілі болды", - деді полицейлер.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Бірнеше сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдіктінің кім екенін анықталып, ол ұсталды. Ол Өзбекстан Республикасынан көшіп келген 1990 жылғы ер адам болып шықты. Ол қамауға алынды.
Осыған дейін ер адамның жүкті әйелі мен анасын өлтіргені туралы хабар тарады. Жергілікті тұрғын телеарна тілшілеріне берген сұхбатында ер адамның таяуда ғана үйленгенін және электрші болып жұмыс істейтінін айтқан. Сонымен қатар, ішімдікке әуес болған және әйелі, анасы және қарындасымен бірге тұрған.