Оңтүстік Қазақстан облысында бір әйел балмұздақ пен тәтті-пәтті сатып алып беретінін айтып, ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бала 29 наурызда кешкі уақытта Түлкібас аудандық Састөбе ауылында жоғалып кеткен. Ол үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.

"Үй аулаларында сауал жүргізуден және куәгерлерден жауап алған полицейлер жоғалған баланы балмұздақ әперетінін айтқан әйелдің алып кеткенін анықтады. Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы ("Адам ұрлау") бойынша тіркелді. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары бес жасар бала жайлы мәлімет-қағазды полицияның барлық бекетіне жолдады", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Сөйтсе, бала бірнеше сағаттың ішінде көрші ауылдағы күдіктінің үйінде табылған. Ол Түлкібас ауданының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. "Полицейлер табылған баланы ата-анасына өткізді. Оның жағдайы жақсы", - деп хабарлады тәртіп сақшылары.
Қазіргі уақытта қылмыстың мотиві анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.