23 шілде 2016 | 11:36

ОҚО-да бірнеше лауазымды тұлға пара алу кезінде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Otyrar.KZ © Otyrar.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының оңтүстіктегі департаментінің мамандары өңірде бірнеше лауазымды тұлғаның құйтырқы әрекетін жария етті. Бұл жолы құрыққа денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің күнгейлік департаменті басшылары ілінген. Бұл туралы Otyrar.KZ хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының оңтүстіктегі департаментінің мамандары өңірде бірнеше лауазымды тұлғаның құйтырқы әрекетін жария етті. Бұл жолы құрыққа денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің күнгейлік департаменті басшылары ілінген. Бұл туралы Otyrar.KZ хабарлады.

Шымкентте аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің басшылары ұсталды. Қазір облыстық департамент директорының орынбасары мен бөлім басшысы уақытша қамауға алынды. Олар мемлекеттік және жекеменшік медициналық мекеме өкілдерінен кемшіліктерін көрсетпейміз деген желеумен 4 миллион теңгеден астам ақша жинаған. Ал бұл жолы 30 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталыпты.

Басылымның мәліметінше, медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің өңірдегі департамент басшысының орынбасары заңсыз әрекетін өз еркімен мойындап, қыруар қаржыны қалтасына заңсыз басқаны анықталған. Сондай-ақ, бөлім басшысы да медициналық мекемелерден 20-30 мың теңгеден бастап, 1000 АҚШ доллорына дейін пара алғаны дәлелденіп отыр. Олар тағы бір жымысқы әрекетін жүзеге асырмақ болғанда, құрыққа ілінген.


© Otyrar.KZ

Тексеру барысында аталған мекеме басшысының да заңсыз сыйлықтар алғаны анықталған. Ол жұмыстан өз еркімен кетуге арыз жазды. Ұсталған екі күдіктіге қатысты лауазымды тұлғалардың үстінен алдын ала сөз байласып, пара алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдіктілердің бұл заңсыз әрекеті 20 шілде күні әшкере болды. Кінәлары дәлелденсе, күдіктілер 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазіргі таңда қылмысты іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети