ОҚО Мақтарал ауданындағы ауылдардың бірінде адам қолынан көз жұмған ер мен әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ОҚО Мақтарал ауданындағы ауылдардың бірінде адам қолынан көз жұмған ер мен әйелдің денесі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2017 жылдың 13 ақпанында Мақтарал АІІБ-ге адамдардың денесі табылған жайлы хабарлама келіп түсті. "Оқиға орнына жедел тергеу тобы жөнелтілді. Криминалист мамандар адамдардың денелерінің шабылғандығын анықтады", - дейді полицейлер.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің мәліметі бойынша, көз жұмғандар 1958 және 1966 жылы туған жергілікті тұрғындар. "Аталған дерек СДТБТ-ға ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Қазіргі кезде полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктілерді ұстауға бағытталған барлық шара іске асырылып жатыр", - дейді ІІД өкілдері.