03 мамыр 2017 | 13:37

ОҚО-да ер адам кәсіпкерден бір миллион доллар бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © Бяки.нет Көрнекі сурет. © Бяки.нет

ОҚО-да үлкен сомада ақша бопсалаған 54 жастағы азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ОҚО-да үлкен сомада ақша бопсалаған 54 жастағы азамат ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ОҚО ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының жергілікті тұрғыны арызданған. Кәсіпкер өз арызында кәсібіне тыныштық бермей отырған азамат, бір миллион АҚШ долларын бопсалағанын көрсеткен. Аталған жайт СДБТР-ға тіркеліп ҚР ҚК-нің 194-бабы "Қорқытып алу" қылмыстық іс қозғалған", - деп хабарлады полицейлер. 

Сондай-ақ, жедел іс-шаралар жүргізу барысында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 1963 жылы туған. Сайрам ауданының тұрғынын өз үйінде 9 миллион тенгені қолма-қол алу барысында құрықтағаны айтылады.

Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін қарау барысында 9 дана атыс, жарақат салатын, пневматикалық қаруларды және мыңға жуық әр түрлі калибрлі оқ дәрілерді тәркіледі.

Аталған жайт СДБТР-ға тіркеліп ҚР ҚК-нің екі бабымен қылмыстық іс қозғалды: 194-бабының 4-тармағы "Қорқытып алу", 287-бабының 2-тармағы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру". Сот қаулысымен ұсталған азамат 2 айға қамауға алынды.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети