ОҚО Арыс ауданында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері рейдтік іс-шара жүргізу барысында ферула дәрілік өсімдігін жинаумен айналысқан Ауғанстанның 51 азаматын ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Полицейлер шетел азаматтарының құжаттарын тексеру кезінде ОҚО аумағында еңбек етуге рұқсат қағазы болмағаны анықталды. Тәртіп сақшылары шетелдіктерді Арыс ҚІІБ-на жеткізіп, көші-қон полициясына мән-жайды анықтау үшін тапсырды.
Қазіргі уақытта заңбұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жинақталған материалдар процессуалды шешім шығару үшін сотқа жіберіледі.
ОҚО ІІД КҚБ қызметкерлерімен табиғатты қорғау заңын бұзған және пайдалы қазбаларды өз бетімен пайдаланудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіліп тұрады.