06 қараша 2017 15:41

ОҚО-да мал ұрлығымен айналысқан 20 қылмыстық топ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

2017 жылдың 10 айында Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында полицияның күшімен 379 қылмыс ашылды, оның ішінде ауыр түрі бойынша ашылу деңгейі 70,7 пайызға артып отыр. ОҚО ІІД Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының барысында 20 қылмыстық топ ұсталып, мал ұрлығымен айналысқан 60-тан аса күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


2017 жылдың 10 айында Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында полицияның күшімен 379 қылмыс ашылды, оның ішінде ауыр түрі бойынша ашылу деңгейі 70,7 пайызға артып отыр. ОҚО ІІД Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының барысында 20 қылмыстық топ ұсталып, мал ұрлығымен айналысқан 60-тан аса күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2017 жылдың сәуір айының басында Ордабасы АІІБ-ның қызметкерлерінің жедел іс-шараларының нәтижесінде барымташылықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Күдіктілер Шымкент қаласының 22 мен 26 жас аралығындағы азаматтар, жұмыссыздар. Олар облыстың бес ауданның аумағында, атап айтсақ, Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Созақ және Ордабасы қылмыстарын жүзеге асырған. Түнгі уақытта, үй иелері жоқ кезде, еркін жайылымнан және мал қораларынан малдарды әкетіп отырған. Қазіргі таңда осы қылмыстық топтың мал ұрлығының 20 дан астам жайтқа қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі бірнеше миллионнан астам болып отыр.

Тағы бір қылмыстық топты Сарыағаш АІІБ-ның қызметкерлері ұстады. Жедел іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер 1976, 1978, 1981 және 1994 жылы туылған ОҚО-ның төрт тұрғынын ұстады. Барлығы да бұрын-соңды сотты болғандар. Тергеу барысында қылмыстық топтың келтірілген жалпы шығын көлемі 5 миллион теңге болатын мал ұрлығының 3 жайтына қатысы бар екендігі анықталды. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Ұсталғандар ҚР Қ кодексінің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, сондай-ақ, аталған қылмыстың азаюына бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды үздіксіз жүргізіп отырады. Тәжірибе көрсеткендей, мал ұрлығының көпшілігі жайылым жерлер мен мал қоралардағы малдардың қараусыз қалғандықтарынан болып жатады. Малдарды жайылым жерлерге жіберіп, жоғалғанын арада бірнеше күн уақыт өткен соң біліп жатады да, онда да полицияға хабарламай, өздері іздеуге кіріседі.

Сондай-ақ, көп жағдайда малдардың ені мен таңбалары құжаттары болмай жатады. Осыны пайдаланған қылмыскерлер ветеринарлық қызметтен анықтама алып, ұрланған малдарды облыс базарларына оңай сатып жібереді. Мал ұрлығымен айналысатын топтардың ерекше айлакерлікпен жұмыс істеуі, жергілікті жерді жақсы білетіндіктері, ет сатушылар, шопандар, қоғамдық тамақтану және сауда жүйесінде өздерінің таныстары бар болғандығы, осының бәрі тергеу жұмыстарын қиындатады. Мал ұрлығымен күрестің тағы бір өзекті мәселесі қылмыстың бұл түрі орташа деңгейдегі категорияға жатады. Яғни, ҚР ҚК-нің 188 бабы, 1 және 2 тармағы бойынша заңмен екіжақтың келісімі қарастырылған. Мұндай жағдайда мал ұрлаушылар жауапкершіліктен қашып құтылады.

Мал ұрлығының алдын алудың тиімді тәсілдерінің бірі ретінде ҚР ІІМ "Мал ұрлығына тосқауыл қою" жоспарына сәйкес ОҚО полицейлерімен мал ұрлығын анықтау және бөтеннің мүлкін ұрлау, оның алдын алу мәселесі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жасалуда. Тәртіп сақшылары әкімшілік, мәслихат депутаттары, прокуратура мен басқа да қызығушылық танытқан қызметтермен бірлесе отырып, тұрғындар арасында, оның ішінде БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Мысалға, жыл басынан бері Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында құрылған фермерлік шаруашылығын атап кетсек болады. Тұрғындардың өздерінің күшімен фермерлік шаруашылықта арнайы күзет жұмыс жасайды, соның арқасында мал ұрлығының бірде бір жайтына жол бермеген.

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері облыс тұрғындарына жайылым жерлер мен мал қораларындағы малдарына ие болуын сұрайды. Мүмкіндігінше, жайылым жерлерге жібергенде арнайы малшы жалдап, малдарға таңба мен ен салып, мал қораларын бекітуін ескертеді.

Бұл алдын алу шараларының барлығы да мал ұрлығын алдын алуы үшін, ал полицейлердің мал ұрлығы орын алған жағдайда жедел әрекет етіп, мал күдіктілерді ұстап, малды заңды иелеріне қайтаруға көмегін тигізеді.

Егерде сіз мал ұрлығының құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада ішкі істер органдарының "102" телефонына хабарласыңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети