Оңтүстік Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Көкебаевті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Көкебаев Е. есімді азамат өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, өзінің жеке мақсаттарында жеке тұлғадан салық төлеушінің нақты шығыны мен табысы жайлы құжат дайындап беру үшін 1 000 000 теңге көлемінде пара алған", - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат Шымкент қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.