Оңтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары полицейге оқ атқан ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аудандық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еске салайық, 2016 жылдың 31 мамырында Төле би ауданында белгісіз біреу жылқыларды ұрламақ болды. Сонымен қатар, ол құқық қорғау органдары қызметкерлеріне ұстау кезінде қарсылық көрсеткен.

Полицейлердің айтуынша, күдіктіні бір аптадан кейін ұстай алды. Күдікті 48 жастағы шымкенттік болып шықты. Бұған дейін ол малды ұрлау бойынша бірнеше рет сотталыпты. Ер адам кінәсін мойындады. Тінту жұмыстары барысында оның үйінен 16 калибрлі аң аулайтын қару табылған.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша (''Ұрлық'') және ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша ("Билік өкiлiне қатысты күш қолдану") сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Еске салайық, оқиға Леңгір-Жаңакүш тас жолына жақын орманда болды. Салдарынан оқтан жарақат алған жедел уәкіл Спандияр Темірбеков аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Дәрігерлер ауыр жарақатпен түскен полицейдің оң жақ жамбасына алған бірнеше жарасына ота жасаған болатын.