29 наурыз 2017 13:32

ОҚО-да ірі фабрика күніне 500 мың жалған темекі шығарып отырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрациялық сурет иллюстрациялық сурет

Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында ірі жасырын фабрика жалған темекі шығарып Қырғызстанға жеткізіп отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 


Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында ірі жасырын фабрика жалған темекі шығарып Қырғызстанға жеткізіп отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. 

МКК ЭТҚ мәліметінше, Қазақстан аумағында мұндай ірі көлемдегі фабриканың жұмысына бірінші рет шектеу қойылған. Бір жыл ішінде олар қолдан жасалған өнімді халықаралық деңгейге жеткізіп отырған. Экономикалық тергеу қызметінің өкілдері 900 000 жалған акциздік марканы, 20 мың тонна табак, шикізат дайындауға және қаптауға арналған заттарды тәркілеген. Фабрикада минутына 3000 темекі өндіретін құрылғымен жабдықталған. Алдын ала болжам бойынша, акциздік маркалар Қытайда шығарылған және біздің елге заңсыз жеткізілген. 

"Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 10 мүшесі ұсталған (Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтары). Олар 3-5 айдың ішінде өндірісті дамытып, күніне 300 000 - 500 000 жалған темекі шығарып отырған. Жалған темекіні кәдімгі темекіден айыру өте қиын. Заң бойынша осы қылмыспен айналысқандар 3-5 жыл аралығында бас бостандығынан айырылады және мүлкі тәркіленеді", - дейді Қазақстанның сауда кәсіпорын Ассоциациясының өкілдері. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети