Оқушы бала 8 жастағы қызды зорлықшыдан құтқарып қалды

17 Сәуір 2017, 09:10
0
Оқушы бала 8 жастағы қызды зорлықшыдан құтқарып қалды - Тимур есімді оқушы. © Видеоны кадры
Тимур есімді оқушы. © Видеоны кадры

Алматы облысында оқушы бала 8 жастағы қызды зорлықшыдан аман алып қалды. Бұл туралы Facebook желісіндегі парақшасында Ислам Кураев хабарлады. 

"Мен оның есімін ғана білемін, аты Тимур, оны әлі өзім де көрмедім, бірақ ол нағыз ерлердің ісін жасады. 14 сәуірде кешкі сағат алтыларда Қонаев атындағы мектептің оқушысы баланың өмірін құтқарып қалды. Ол өз өмірін қатерге тіге отырып, зорлықшыдан жас қызды құтқарды. Оны бүкіл ел білуі керек, бұл жігіт соған лайықты", - деп жазған Кураев видео жариялады.

Видеода мектеп оқушысы болған оқиғаны баяндайды. Блогердің пікірінше, мектеп оқушысын ерлігі үшін марапатқа ұсыну керек.

"Бүгінде адамдар адамдықтан айырылған, ересек адамдар болып жатқан оқиғаны көріп тұрып, кішкентай қызға көмектеспеді, ал қыз көмекке шақырып жатқан еді, бұл жігіт болса көмек қолын созды", - дейді Ислам Кураев.  

Еске салайық, 2008 жылға Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының маңында шабуыл жасалған болатын. 32 жастағы жергілікті тұрғын қызды зорлағысы келді деген күдікпен ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. "Құқық қорғау органдарына қыздың ата-анасынан 14 сәуірде кешкі уақытта арыз түсті. Арызда олар қыздарына қатысты құқыққа қайшы әрекет жасалғанын айтқан. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларын Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Еңбекшіқазақ ауданының 1985 жылғы тұрғыны", - деп хабарлаған еді осыған дейін полицейлер. Облыстық ІІД өкілдері осы іс бойынша барлық қажетті сараптаманың тағайындалғанын хабарлады.

Ал кейін Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының директоры Ролан Нұрбаев қыздың жағдайын айтып берген еді. "Қазіргі уақытта ол бізде ем алып жатыр, негізгі диагноз бас сүйек миы зақымданған, миы шайқалған, көз алмасы зақымданған. Оған неврологиялық салада көмек көрсетіліп жатыр. Біз психологиялық көмекте көрсетіп жатырмыз. Психолог күн сайын онымен жұмыс істейді", - деп хабарлаған болатын Нұрбаев. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай