Екібастұз қаласының тұрғыны Айгүл Исаева 29 жастағы ұлы кінәлі деп танылған істі жан-жақты тергеуді сұрайды. Жас жігіт биыл қаңтарда Екібастұзда түнгі клубтардың бірінің маңында болған жаппай төбелес кезінде 25 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілініп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының тұрғыны Айгүл Исаева 29 жастағы ұлы кінәлі деп танылған істі жан-жақты тергеуді сұрайды. Жас жігіт биыл қаңтарда Екібастұзда түнгі клубтардың бірінің маңында болған жаппай төбелес кезінде 25 жастағы жігітті өлтірді деген күдікке ілініп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әйел оқиға орнынан түсірілген видеоны жергілікті Telegram-арнаға және Instagram-ға жариялаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Анасы ұлы сол күні түнгі клубта жігіттер ұрып жатқан екі бауырын қорғағанын айтады. Әйелдің айтуынша, бәрі оның көз алдында болған. Ол клубқа үш ұлымен бірге келгенін, оның алдында кенже ұлын қыз үшін ұрғанын айтады.
"Үлкен ұлым Әли соққыға жыққан жігіттермен сөйлескісі келді. Бірақ ешқандай нәтиже бермеді. Жастар балаларымды ұра бастады. Мәдиниет пен Дәулет ес-түссіз жатты, бірақ оларды ұрып-соғып, бастарына секіруді жалғастыра берді. Мен жылап, ұрып-соқпауларын өтіндім. Әли Мәдиниетке қарай жүгірді, ол қан-жоса болып жатты. Пышақ жақын маңда жатты. Әли пышақты алып, қашып кетті, сол кезде оған көп адам жүгірді. Ұлым не істерін білмей қалды, ол пышақты оңды-солды сермей берді. Олардан жақындамауын сұрап, айғайлады. Жастар шегінді, ал жігіттердің бірі Әлиге жақындады", - дейді әйел.
Анасының айтуынша, ұлы жәбірленушіге 4 пышақ жарақатын салған, оның біреуі ауыр болған. Кейін жас жігіт ауруханада қайтыс болған.
"Таңертең үйге келдік, ал Әли кісі өлтіргенін айтты. Осыдан кейін бірден полицияға бардық. Кінәсін мойындады. Бірақ қазір ұлым түнгі клубқа соққыға жығылған бауыры үшін кек алуға арнайы келді, қасақана өлтірді деп айыпталып жатыр. Ұлым бауырлары мен өзін қорғады. Бірақ қаза тапқан адам мен ұлымның ісі ғана қаралып жатыр. Ұлымды соққыға жыққаны үшін қайтыс болған адамды кінәлі деп санайды. Төбелеске қатысушыларының ішінен полицияға тек 2 адам шақырылды, бірақ олар басқалар сияқты куәгер болып келді", - дейді Исаева.
Әйел ұлына әділ жаза берілуін сұрайды.
"Қылмыстық істі тергеу жұмыстары жан-жақты болғанын, бәрі заң бойынша болғанын қалаймыз. Ұлым адам өлтіргенін, сол үшін жазалануы керек екенін айтады. Бірақ болған оқиға қасақана кісі өлтіру дерегі емес еді. Жаппай төбелесті қоздырған және қайғылы жағдайға әкелген адамдар жазалануы керек деп санаймын. Мен де марқұмның отбасынан кешірім сұраймын, ұлым ешкімді өлтіргісі келмеді", - деді күдіктінің анасы.
Сонымен қатар, Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі ресми сауалға жауап ретінде іс бойынша тергеу аяқталғанын айтты.
"Қазір соталды тергеу материалдары ҚР ҚІЖК 300-бабы бойынша прокуратураға берілді", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.
Айта кетейік, қаза тапқан жігіттің артында жұбайы мен екі баласы қалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!