21 шілде 2017 | 11:25

"Ол қызымды өлтіргісі келді" - "Газель" екі рет басып өткен қыздың анасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alau.kz © alau.kz

Қостанайда кафе маңында "Газель" қағып кеткен қыздың анасы жүргізуші оның қызын өлтірмек болғанын және оның туыстары тергеуді жаңылдыру үшін барын салып жатқанын айтты, - деп хабарлайды alau.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанайда кафе маңында "Газель" қағып кеткен қыздың анасы жүргізуші оның қызын өлтірмек болғанын және оның туыстары тергеуді жаңылдыру үшін барын салып жатқанын айтты, - деп хабарлайды alau.kz.

Антония Зинакова ер адамның қызын қасақана қаққанына сенімді. Оқиғаның алдында зардап шеккен Илона мен "Газель" рөлінде болған Решетниковтың әйелі арасында кафе ішінде жанжал болған. 

"Осыдан кейін ол қызымнан өш алмақ болды. Кафе маңында қағып кетті. Мұны менің үлкен қызым және көптеген адам көрді. Ол қызымды қағып, артқа жүріп тағы басып өтті, сосын үшінші рет тағы басып өтті. Ол есінен танып қалды, ол қызымды өлтіргісі келді", - дейді әйел. 

Антония Зинакова қызының оқиғасын естіген бойда Челябіден асығы жеткен. Оның сөзінше, шілденің 17 мен 20 аралығы, яғни, үш күнде ешқандай тергеу амалдары жүрмеген. АІІБ-нің өкілдері ер адам оның қызын абайсызда қағып кетті деп айтқан. 

"Тергеуші куәгерлерден де, ешкімнен де ештеңе сұрастырған жоқ... Жүгіріп жүрген мен, жабық есіктерді ұрып. Бұл сеңнің қозғалуы үшін қайда барарымды білмеймін. Қызым жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр", - дейді ол. 

Қыз жамбас, қабырға сүйектерінің көптеген сынықтары және басқа да көптеген жарақатымен Қостанайдың қалалық ауруханасына түсіп, тәулік бойы ес-түссіз жатқан. Қазір ол есін жиды. Антония Зинакова қызын ары қарай Ресейдің Қорған қаласында емдетпек. Оған күдіктінің туыстары ақша ұсынған көрінеді. 

"Маған қоңырау шалып айтқаны: біз оны бәрібір алып шығамыз... Келісейік! Бар да, ешқандай шағымым жоқ деп арыз жаз...", - дейді әйел. 

Қазіргі кезде бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабының 1-тарауы "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру" бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұл дерек алдын ала да осы бап бойынша тіркелген", - дейді Қостанай ІІД-нің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Еске салайық, Оқиға 16 шілдеде 01:30-да Затобол ауылындағы кафелердің бірінің маңында болған. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер Қостанай ауданындағы Затобол ауылында 16 шілдеде болған жол-көлік оқиғасына қатысты пікір білдірді. "33 жастағы "Газель" жүргізушісі 25 жастағы қызды қағып кеткен. Осының салдарынан қыз бала әр түрлі дене жарақатын алған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру") бойынша іс қозғалды", - деді Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети