Олар енді жаңаша қорғанады - Томирис Байсафаның анасы Меджидовқа қатысты үкімнің күші жойылуы туралы

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олар енді жаңаша қорғанады - Томирис Байсафаның анасы Меджидовқа қатысты үкімнің күші жойылуы туралы

Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова кісі өлтіру ісі бойынша Муртузали Меджидовке шығарылған айыптау үкімінің күші жойылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәскеуде қайтыс болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова кісі өлтіру ісі бойынша Муртузали Меджидовке шығарылған айыптау үкімінің күші жойылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен осы уақыт ішінде алғаш рет Мәскеуге бармадым, адвокат жібердім. Бұған дайындалдым, мәлімдемелер жаздым. Меджидов өткен жолы келген жоқ. Осы жолы қатысады деп күтпедім. Менің ойымша, ол да мұндай шешімді күткен жоқ. Мен мүмкіндігім жеткенше бәріне жаздым", - деді Жанна Ахметова.

Оның айтуынша, іс тағы да Мәскеудің Никулин сотында қаралады. Сот отырысы қашан өтетіні жақында белгілі болады. Істің өзі бір айдан кейін басталуы мүмкін. Алқабилер құрамында басқа адамдар болады.

"Ұшып барып, міндетті түрде қатысамын. Енді олар (Меджидов жағы. - Ескерт.), әрине, жаңаша қорғанатын болады. Біз дайындаламыз. Қалай өтетінін, қандай дәлелдер болатынын, алқабилер сотының ерекшелігі бар екенін білеміз.

Үш жарым жыл ішінде не болмады, сондықтан бұл - тек аралық. Енді әрі қарай қозғаламыз. 1,5 жыл оны қамауға алды, кінәлі болды, содан кейін ақталды. Әрине, бұл өте жақсы жаңалық. Шетелде сотта жеңу оңай емес. Алға қарай жүреміз", - деді ол.

Еске салайық, 2018 жылғы 13 сәуірде ММХҚИ Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті Томирис Байсафа үзіліс кезінде ЖОО-ның төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен. Қыздың бірнеше дене мүшесі сынып, көп қан жоғалтқан.

Томирис Байсафа өліміне қатысты істің мән-жайы анықталды.

Сол жылдың 3 мамырында Томирис Склифосовский ғылыми-зерттеу институтында қайтыс болды. Қызды өлтірді деген күдікпен Дағыстанның бұрынғы премьер-министрі Муртузали Меджидовтың ұлы ұсталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети