Өлі табылған Әйгерім Оспанбекованың денесінде зорлық белгілері бар болып шықты

© otyrar.kz

Осыдан екі апта бұрын, яғни 10-мамыр күні  жоғалған Әйгерім Оспанбекованың мәйіті Сарыағаш ауданынан табылды. Қазіргі уақытта күдікті ретінде 1990 жылғы жігіт ұсталды. Мәйітте зорлық-зомбылық белгілері бар. Ұсталған жігіттің үстінен кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Сарыағаш ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Otyrar.KZ.

Еске салайық, Студент қыз Шымкент қаласына оқуға баруы үшін үйінен шыққан. Полицейлер Әйгерімнің 10 мамырда күндізгі сағат үштер шамасында заттарын жинастырып, жолға шыққанын анықтады. Ол Жетісай-Шымкент тасжолының бойынан жолай көлікке отырып, Шымкентке жетуі керек болған. Бірақ, із-түссіз жоғалып кетті.

Тәртіп сақшылары жоғалған қыздың туыстарымен, еріктілермен, облыс жұртшылығымен бірлесіп Әйгерім Оспанбекованы іздеген болатын. Ал бүгін оның мәйіті Сарыағаш ауданынан табылғаны хабарланды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама