24 мамыр 2016 09:56

ОҚО-да жоғалып кеткен 17 жастағы Әйгерім Оспанбекованың мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйгерім Оспанбекова Әйгерім Оспанбекова

ОҚО-да жоғалып кеткен 17 жастағы Айгерім Оспанбекованың мәйіті табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қыздың туыстарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.


ОҚО-да жоғалып кеткен 17 жастағы Айгерім Оспанбекованың мәйіті табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі қыздың туыстарына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Мәйіт Сарыағаш ауданында табылыпты. Бүгін қызды жерлеу рәсімі өтті. Әйгерім Оспанбекованың өлімі жайлы мәліметті құқық қорғау органдары растап отыр. Қылмыстық мән-жайы анықталу үстінде.

Еске салайық, Оңтүстік Қазақстан облысында "Халықтар достастығы" университетінің 17 жастағы студенті Әйгерім Оспанбекова 10 мамырда Сарыағаш ауданындағы Жаңатұрмыс ауылынан Шымкентке қарай жолға шығып, қайтып оралмаған. Әйгерімнің ағасының айтуынша, студент қыз жолда жатақханада бірге тұратын көршісіне SMS-хабарлама жазып, Шымкентке кіреберістегі "Колос" жер асты өткелінде күтіп алуын өтініп, жүргізушіден қатты қорқып келе жатқанын білдіреді. Содан бері Әйгерім үйіне де, университетке де келмеген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети