13 мамыр 2016 09:20

ОҚО-да 17 жастағы студент қыз жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© otyrar.kz © otyrar.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында "Халықтар достастығы" университетінің 17 жастағы студенті Әйгерім Оспанбекова жоғалып кетті, ол 10 мамырда Сарыағаш ауданындағы Жаңатұрмыс ауылынан Шымкентке қарай жолға шығып, қайтып оралмаған, - деп хабарлайды "Отырар".

Әйгерімнің ағасының айтуынша, студент қыз жолда жатақханада бірге тұратын көршісіне SMS-хабарлама жазып, Шымкентке кіреберістегі "Колос" жер асты өткелінде күтіп алуын өтініп, жүргізушіден қатты қорқып келе жатқанын білдіреді.

Содан бері Әйгерім үйіне де, университетке де келмеген.

Әйгерім Оспанбекованың белгілері: бойы - 160-165 сантиметр, орташа денелі, шашы ұзын, қоңыр. Көздері қысыңқы, қара. Құлағында ромбы пішіндес сырғасы болған. Ерекше белгілері жоқ. Үстіне қызыл футболка (кеудесінде ақ түсті жүрек суреті бар), қоңыр джинсы, аяғына қара кеды киген. Өзімен бірге қол сөмкесі мен жол сөмкесі бар.

Әйгерім жайлы мәлімет білетіндерден туыстары 8 775 346 55 89 телефон номеріне хабарласуды өтініп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети