Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет жаңа әдіспен күрделі ота жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттік дәрігерлер алғаш рет жаңа әдіспен күрделі ота жасады Видеодан кадр / 24.kz

Шымкентте дәрігерлер ұйқы безіндегі қатерлі ісікті кішкентай тіліктер арқылы алып тастады. Күрделі отаны жергілікті хирургтар елордалық әріптестерімен бірлесіп жасады, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.


Шымкентте дәрігерлер ұйқы безіндегі қатерлі ісікті кішкентай тіліктер арқылы алып тастады. Күрделі отаны жергілікті хирургтар елордалық әріптестерімен бірлесіп жасады, деп хабарлайды TengriHealth тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлерінің мәлімдеуінше, пациенттің бойындағы ісік ерте сатысында анықталған, бұл сәтті емделу мүмкіндігін айтарлықтай арттырды.

Ұйқы безі асқазан мен ішектің артында орналасқандықтан, өте қиын ағзалардың бірі болып саналады. Мұндай оталар дәрігерлерден жоғары дәлдік пен тәжірибені талап етеді. Сонымен қатар аз инвазивті әдіс асқыну қаупін азайтуға мүмкіндік береді, делінген материалда.

Қалалық онкологиялық орталықта жыл сайын онкологияның түрлі бағыттары бойынша 2 мыңнан астам ота жасалатыны түсіндірілді. Дегенмен, ұйқы безінің қатерлі ісігін лапароскопиялық жолмен алып тастау алғаш рет орындалды.

"Шеберлік сағатын арнайы келген кәсіби маман өткізіп, үйретті. Кейін біз осы отаның барлық техникалық аспектісін сараптадық. Талдау нәтижесі бойынша, біздің мамандар, яғни хирургтарымыз бұл оталарды өз бетінше жасауға дайын", - деді Шымкент қалалық көпбейінді онкологиялық орталығының директоры Талғат Құрманов.

Бұған дейін Алматыда дәрігерлер тоғызыншы қабаттан құлап, көптеген ауыр жарақат алған 17 жастағы бойжеткенді аман алып қалған болатын. Медицина қызметкерлері оның өмірі үшін екі айға жуық күресті, толығырақ - материалда.

TengriEdu