Алматыда қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотта жергілікті полиция қызметінің экс-инспекторы Азамат Берисметовқа қатысты басты сот тыңдалымы басталды. Ол өз әріптесі әрі туысы Сәбит Бегланұлын өлтірді деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОҚО-да (Түркістан облысы - автор түсіндірмесі) дүниеге келген Азамат Берисметовке ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылған. Сотта ол бұрындары сотталмағанын және үйленгенін айтты.
Судьяның "өзіңіздің кінәңізді мойындайсыз ба?" деген сұраққа ол нақты жауап бермеді.
"Өлтірейін деген ойым болған жоқ", - деді сотталушы.
26 қыркүйекте Алматыда жергілікті полиция қызметінің инспекторы Азамат Берисметов өз әріптесі Сәбит Бегланұлына қызметтік гаражда табельдік қарудан оқ атқан.
Қайтыс болған полиция капитаны Сәбит Бегланұлы 28-де болған. © ktk.kz
Зардап шеккен полицей ауруханада қайтыс болды.
© almaty.tv
Қайтыс болған капитан арнайы батальонда төрт жыл жұмыс істеген, ал сотталушы жол-патрульдік полиция полкіне 2013 жылы жұмысқа кірген. Ер адамдар бір-біріне туыс болып келеді. Қайтыс болған Сәбит Бегланұлы шабуылдаған жігіттің қарындасына үйленген, алайда жарты жыл бұрын отбасынан кеткен. Қалмұхамбет Қасымов дәл осы жағдайға байланысты қылмыс болғанын айтты.
Кейінірек осы оқиғаға қатысты тағы бір мәлімет анықталды. Өз туысын атқан Азамат Берисметов тура осылай әкесінен айырылған: полковник Бердібек Берисметовты өзіне бағынышты әріптесі атқан.
Күдіктінің әкесі полковник Бердібек Беристемов бір жыл бұрын қайтыс болған. © almaty.tv