“Өлтіру, өлу немесе балаларды беру”: Сұлтан Сәрсемалиевтің қылмысын мойындаған видеосы

“Өлтіру, өлу немесе балаларды беру”: Сұлтан Сәрсемалиевтің қылмысын мойындаған видеосы Бейнеден алынған кадр

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасын аяусыз өлтіру дерегіне қатысты сот отырысында Сұлтан Сәрсемалиевтің қатысуымен өткен тергеу экспериментінің бейнежазбасы көрсетілді. Кадрларда сотталушы тергеушілерге оқиғаның өз нұсқасын егжей-тегжейлі айтып, кісі өлтіргеннен кейінгі әрекеттерінің ретін көрсетеді және марқұмдардың ақшасы мен құжаттарына, сондай-ақ зейнетақы төлемдеріне қалай иелік еткенін түсіндіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасын аяусыз өлтіру дерегіне қатысты сот отырысында Сұлтан Сәрсемалиевтің қатысуымен өткен тергеу экспериментінің бейнежазбасы көрсетілді. Кадрларда сотталушы тергеушілерге оқиғаның өз нұсқасын егжей-тегжейлі айтып, кісі өлтіргеннен кейінгі әрекеттерінің ретін көрсетеді және марқұмдардың ақшасы мен құжаттарына, сондай-ақ зейнетақы төлемдеріне қалай иелік еткенін түсіндіреді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін хабарланғандай, бұл қанды қылмысқа Сәрсемалиев пен әйелінің туыстары арасындағы ұзаққа созылған отбасылық жанжал себеп болған. Дау сотталушы жұбайы Ақбаянмен және үш жасар қызымен бірге Атыраудан үш сағаттық жердегі Жангелдин ауылында тұратын қайын жұртының үйіне қонаққа келгенде ушыққан.

Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Жарнама
Жарнама

Тергеу эксперименті барысында сотталушы сол жолғы сапардың қатаң талаппен аяқталғанын айтты. Оның сөзінше, қайын атасы Мақсот Қарабалин мен қайын енесі Нәсіп Өтешқалиева оны қорлап, Ақбаянды ата-анасының үйінде қалдыруды, кіші балаларын қайтаруды және өздерінің өмірінен біржолата жоғалуды талап еткен.

Сотталушының айтуынша, жұбайының туыстары оның үйіне барып, бес баласының бәрін күштеп алып кетеміз деп қорқытқан. Ол балаларын енді ешқашан көрмеймін бе деп қорыққанын, ал қайын жұртының үнемі кінә артып, балағаттауы жағдайды одан сайын ушықтыра түскенін жеткізді.

Сәрсемалиевтің айтуынша, қылмыс жасамас бұрын ол қораға кіріп, асылып өлмек болған. Алайда соңғы сәтте ойынан айнып, жаппай кісі өлтіруге бел буған. Тергеу амалдары кезінде айыпталушы жантүршігерлік қылмыстың нақты себептерін ашты.

"Қорада алдымен өзім асылып өлмек болдым, бірақ кейін балаларым мен әйелім қасымда қалып, ата-анам немерелерін көрсін деген оймен оларды өлтіруді ұйғардым. Ізді жасыру жоспарын бүге-шігесіне дейін ойластырып, олардың ақшасын қалай алатынымды алдын ала есептедім", - деді Сәрсемалиев тергеу барысында.

Сұлтан Сәрсемалиев. Tengrinews.kz сот залынан түсірілген фото

Сәрсемалиевтің сотта берген жауабына сәйкес, ерлі-зайыптыларды өлтіруге дейін оның әйелінің ағасы Наурыз Мұқанғалиевпен арасында жанжал шыққан, ол бірінші құрбан болды. Сондай-ақ сотталушы оқиғадан кейін оның жеке құжаттары мен банк карталарын алып кеткенін айтты.

Одан кейінгі оқиғалар, Сәрсемалиевтің нұсқасы бойынша, жұбайының өзге туыстарының айналасында өрби бастаған. Сотталушы тергеушілерге кейін не болғанын айтып берді.

"Мен оларды өлтіру туралы шешім қабылдап қойған едім. Із жасыруды және келесі қадамдарды алдын ала ойластыра бастадым. Қорадан кейін қылмыс құралына айналған пышақты тауып алдым. Бірден олардың Kaspi қосымшасына иелік етуді ойладым, бұл ақшаға қол жеткізу және ешкім ештеңе сезбеуі үшін коммуналдық төлемдерді төлеп отыру үшін қажет болды", - деді тергеу кезінде Сәрсемалиев.

Үй иелері жоғалып кеткеннен кейін ауылдастары мен коммуналдық қызметтердің күдігін тудырмау үшін, Сәрсемалиевтің айтуынша, ол су, газ және жылу есептегіштерінің көрсеткіштерін алдын ала жазып алған.

"Менің алдымда таңдау тұрды: не өзім өлем, не балаларымды беру, не оларды өлтіру. Шешім қабылдаған соң, қалай із жасыруды егжей-тегжейлі ойластыра бастадым. Мобильді қосымшадағы төлем тарихына кіріп, дербес шоттарды тауып алдым. Үйде адамдар бар сияқты көрсету үшін су, газ және жылу есептегіштерінің көрсеткіштерін түсіріп алдым", - деді Сәрсемалиев тергеу эксперименті барысында.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, кісі өлтіргеннен кейін сотталушы үйде үйреншікті өмір жалғасып жатқандай кейіп таныту үшін марқұм Наурыз Мұқанғалиевтің атынан электр қуаты, су және газ есептегіштерінің көрсеткіштерін беріп отырған. Ал коммуналдық қызметтер ақысын ол өлтірілген қайын атасы Мақсот Қарабалиннің интернет-банкингі арқылы төлеп келгенін айтады.

Жангелдин ауылындағы қаза тапқан ерлі-зайыптының үйі. Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Тергеу нұсқасы бойынша, Сәрсемалиев марқұмдардың үйінен үш жеке куәлікті, үш банк картасын және екі алтын жүзікті алып кеткен. Іс материалдарына сәйкес, ол үйдегі тығылған жерден соңғы 60–70 мың теңгені алған. Оның қасында банк карталарының құпиясөздері жазылған қағаз болған. Сондай-ақ тергеу мәліметінше, ол қаза тапқан қайын енесінің батырмалы телефонын иемденген.

Айыптау нұсқасына сүйенсек, қарт ерлі-зайыптыны өлтіргеннен кейін Сәрсемалиев әйелімен, үш жасар қызымен және жұбайының туған қарындасы Мейрамгүлмен бірге Ташкентке кетіп қалуды жоспарлаған. Көп ұзамай Мейрамгүл де өлтірілген.

Бұған дейін Мейрамгүл Қарабалинаға 32 жерден пышақ салынғаны хабарланған болатын.

Қаза тапқан Наурыз Мұқанғалиев пен Мейрамгүл Қарабалина. Отбасылық мұрағаттан алынған фото

Іс материалдарына сәйкес, Сәрсемалиев банк қосымшаларын өз телефон нөміріне байланыстырып, SMS-верификация арқылы цифрлық сервистерге қол жеткізген. Тергеу нұсқасы бойынша, ол мемлекеттік сервистер арқылы марқұмдардың зейнетақысы мен жәрдемақыларын аударып, қаражаттың бір бөлігін түрлі банктегі шоттар арасында бөліп отырған.

Оқиғаның мән-жайы тек биылғы қаңтарда, Сәрсемалиев коммуналдық қызметтерді төлеуді тоқтатып, туыстары мен құқық қорғау органдары іс-түзсіз жоғалған отбасын іздестіре бастағанда белгілі болды.

Іздеу жарияланған бағдардан алынған қаза тапқан ерлі-зайыпты мен олардың балаларының суреттері

Атырау облысындағы бір отбасының өлімі: қайғылы оқиғаға дейін не болды? (арнайы репортаж)

Еске сала кетейік, былтыр Атырау облысының Жангелдин ауылында бір отбасы түгелдей: зейнеткер ерлі-зайыпты мен олардың ересек балалары жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен болатын. Туыстары олардың жоғалғаны туралы 2025 жылдың желтоқсанында хабарлаған. Сол кезде отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев күдікке ілінді. 18 мамырда Атырауда оған қатысты сот процесі басталды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама