Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында бір отбасының төрт мүшесін айуандықпен өлтіруге қатысты басты сот талқылауы өтіп жатыр, онда жантүршігерлік жаңа мәліметтер белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталып отырған отбасының бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиев құрбандарына 60-қа жуық пышақ жарақатын салған.
28 мамырда айыптау актісін оқу барысында прокурор Мирас Бауыржанов сотталушы Сәрсемалиевтің жәбірленушілерге ас үй пышағымен көптеген жарақат салғанын мәлімдеді.
Мәлімет бойынша, Мейрамгүл Қарабалина – Сәрсемалиевтің жұбайының әпкесіне 32 соққы, оның ағасы Наурыз Мұқанғалиевке - 10, отағасы Мақсот Қарабалинге 9 рет пышақ сұғылған, ал анасы Нәсіп Өтешқалиеваға - 8 соққы.
Сотта айыпталушы Сәрсемалиев кінәсін ішінара мойындады. Ол Мейрамгүл Қарабалинаны, сондай-ақ жұбайының әкесі мен анасын қасақана өлтіргенін растады.
Дегенмен, сотталушы Наурыз Мұқанғалиевтің өлімі алдын ала жоспарланбағанын алға тартты. Сәрсемалиевтің айтуынша, ол өзін қорғау мақсатында және жәбірленушінің өзі себеп болған жанжал кезінде оған ауыр жарақат салған.
Сот талқылауы жалғасып жатыр.
Фото Tengrinews.kz
Сұлтан Сәрсемалиев - Атырау облысындағы бір отбасының төрт мүшесін, атап айтқанда бұрынғы жұбайының ата-анасын, ағасы мен әпкесін өлтірді деп айыпталып отырған бұрынғы күйеу баласы. Тергеу болжамы бойынша, қылмыс 2025 жылы ұзаққа созылған отбасылық жанжал негізінде жасалған. Іс материалдарына сәйкес, ол марқұмдардың денесін жалдамалы үйдің ауласына және қаза тапқан ерлі-зайыпты тұрған үйдің сарайына көміп, жасыруға тырысқан.
28 мамырда Атырауда бұл іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Сотта прокурорлар қылмыс эпизодтарының егжей-тегжейін, соның ішінде адам өлтіру жағдайлары мен мәйіттер мен айғақтарды жасыру әрекеттерін жариялап жатыр. Бұл іс Қазақстан қоғамында үлкен резонанс тудырды.
Атышулы істі бұған дейін Яна Легкодимованың өліміне қатысты резонанстық іс бойынша үкім шығарған судья Зарема Хамидуллина қарап жатыр.
Сот залынан фото Tengrinews.kz: Әлімжан Аманжол