24 қаңтар 2022 09:45

Омбы облысында бір отбасы қайтыс болды: қаза тапқандардың қызы мен оның сүйіктісі ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ngs55.ru сайтынан Фото ngs55.ru сайтынан

22 қаңтарда таңертең Омбы облысы Юрьевка ауылындағы үйлердің бірінен 36 жастағы Александра Игнатенко, оның күйеуі, 38 жастағы Роман Бережный және олардың 10 жастағы мүгедек қызының денесі табылды. Ауыл СҚО шекарасынан 4 шақырым жерде орналасқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известияға" сілтеме жасай отырып.

Алғашында 1.20 шамасында белгісіз адам үйге кіріп, ерлі-зайыпты мен қызға бірнеше рет пышақ салғаны туралы хабарланған. Сонымен қатар, қалған екі бала - 14 жастағы қыз бен оның алты жасар інісі көршілеріне қашып кеткен. Аман қалған балалардың айтуынша, үй ашық болған.

Қазір қаза тапқандардың 14 жастағы қызы мен оның жігіті ұсталды. "Известия" мәліметінше, қыз жауап алу кезінде өгей әкесі оны қорлағанын мойындаған.

Жасөспірім өзінің жігіті Александр С.-ға осы туралы шағымданған, ол ақыр аяғында анасы мен өгей әкесін өлтіруге келіскен. Қыз түнде үй есігін әдейі ашық қалдырған, ал Александр пышақпен кірген.

Басылым мәліметінше, алдымен қаскүнем қыздың анасын көріп, оны бірден өлтірген. Алдын ала мәліметтер бойынша мектеп оқушысының өгей әкесі ұйықтап жатқан жерінде қаза тапқан.

Сонымен қатар, қазір қай күдікті 10 жастағы қызды өлтіргені туралы ақпарат жоқ. Бала бүкіл қылмыстың куәсі болған.

Оның алты жасар інісінің айтуынша, үлкен әпкесі қылмыс кезінде оның көздері мен құлақтарын жауып тастаған. Бірақ ол бәрін көріп, естіген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети