Омбының Интерполы іздеудегі қазақстандықты ұстады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет vesti.kz сайтынан алынды Сурет vesti.kz сайтынан алынды

Омбының теміржол вокзалында Интерполдың жергілікті қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар Қазақстан азаматын ұстады деп хабарлайды Омбының ІІДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Омбының теміржол вокзалында Интерполдың жергілікті қызметкерлері алаяқтыққа қатысы бар Қазақстан азаматын ұстады деп хабарлайды Омбының ІІДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

29 жастағы ер адам Қазақстанның құқыққоргау органының сұрауымен Интерпол желілері арқылы іздестірілген. Ол 2013 жылдың тамызында бөтеннің Toyota Camry және Porsche Cayenne сынды екі аса қымбат көлігін мініп кеткен. Онда да ол зардап шегушілерге көлікті жалға алатынын, қайтып келген соң ақысын төлейтінін айтқан. Бірақ белгіленген мерзім ішінде ер адам кері оралмаған, көлік иесі де жер сипап қалған. Алаяқ көлік иесін 15,5 миллион теңге көлемінде ірі материалдық шығынға ұшыратқан.

"Осы факті бойынша Қазақстан құқыққорғау органындағылар "Алаяқтық туралы" бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ал көлікті алып кеткен адам тығылып қалған. Сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланған. Интерполдың бас хатшылығы қылмыскерді қамап, оны жазалаушыларға өткізіп беру мақсатында оған халықаралық іздеу жариялайтын хаттама бекіткен" делінеді Ресейдің Омбы облысы ІІДБ таратқан хабарламада.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer