Өмір бойына бас бостандығынан айырылған ақтөбелік лаңкестер сұхбат берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© КТК кадры © КТК кадры

Қазнетте 16 желтоқсанда биыл маусымда Ақтөбеде қырғын жасаған лаңкестер жайлы видео пайда болды. Қылмыскерлер өз істеріне өкініп, кешірім сұрады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазнетте 16 желтоқсанда биыл маусымда Ақтөбеде қырғын жасаған лаңкестер жайлы видео пайда болды. Қылмыскерлер өз істеріне өкініп, кешірім сұрады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Оразадағы ойран" деп аталатын туындыда лаңкестердің өздері болған оқиғаны бүкпей айтып береді. Бейбіт күнде бүлік шығарғандар жүздерін жасырмай, өкініштерін халыққа жеткізуді сұраған екен. Сондықтан өзгелерге сабақ болар деген ниетпен фильмді әзірлеуге жергілікті билік тапсырыс берген. Оны әзірге жергілікті арналар мен арнайы сайттар арқылы ғана көрсетіп жатыр.

Бұл көріністегі атыс ортасында қалған ойын баласының даусын естіген жанның денесі тітіркенеді. Осыдан-ақ Ақтөбеде жазда сойқан салған содырлардың бейқам көңілді баланы да аямағанын байқаймыз. Осы күнге дейін еш жерде көрсетілмеген бұл бейнекадрларды «Оразадағы ойран» атты деректі фильмде қолданған. Жергілікті билік пен құзырлы органдар туынды арқылы маусымдағы лаңкестік оқиғаның қалай болғанын және басты кейіпкердің кім екенін ашық жариялауды жөн деп шешіпті.

Қару-жарақ дүкенінен бастап, әскери бөлімге де шабуыл жасағандар сол күні Дмитрий Таңатаровтың шілдеханаға шақырғанын айтады. Жалдамалы пәтерде дәм ауыз тигізіп, бір сағат бойы жиһад жайында уағыз айтыпты.

"Тамақтандырған соң телефондарын алып алған. Кейін өшіріп тастаған", - дейді Асхат Рахметов.

Қазір лаңкестер атысқа не итермелегенін нақты айта алмайды. Бірі уағызға ұйығанын айтса, бірі су ішкен соң есімізден адастық деп отыр. Мұны сарапшылар да жоққа шығармайды. Өйткені содырлардың қан құрамынан естен тандыратын амфетин мен петанил табылған. Десе де, олар хақ діннің жолынан тайғандарын мойындайды.

"Намазда жүрген бауырларға айтарым қателеспеңдер. Адам өлтіріп, жәнатқа түсу мүмкін емес", - дейді Әлібек Ақпанбетов.

Содырлар осылай, көздерінен жастарын сорғалатып, халықтан кешірім сұрады. Енді өкінгенімен атыста тірі қалған жетеуі өмір бойы бостандық көрмейді. Әйтсе де еркіндікте қалған балалары үшін алаңдайды екен. 

"Отырмын алдарыңызда. Мама, кешір деймін болды. Балаларыма қарашы", - деді Бақыт Қуанышбаев.

 "Оразадағы ойран" деп аталатын бұл деректі фильм Ақтөбедегі жергілікті арналар мен ғаламтордағы сайттар арқылы көрсетіліп жатыр. Жергілікті билік енді оны жастар арасындағы лаңкестікпен күресу құралы ретінде қолданбақшы. Ол үшін аймақтағы барлық оқу орындарында көрсетіледі. (Дереккөз: КТК)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro