Өңірлік басқармалардың екі басшысы пара алғандарын мойындады - Ұлттық бюро

03 Ақпан 2017, 10:40
0
Өңірлік басқармалардың екі басшысы пара алғандарын мойындады - Ұлттық бюро - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Өңірлік басқармалардың екі басшысы пара алғандарын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық бюродағылар денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады.

"Қызметкерлерден және кәсіпкерлерден пара алып жүрген Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы М.Оңғарбеков пен Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы М.Қадыр әшкереленді. Қазіргі уақытта лауазымды түлғалар кінәсін мойындады. Осыған байланысты М.Оңғарбеков пен М.Қадырға қатысты жедел түрде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіледі", - делінген ведомствоның хабарламасында.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай