Оңтүстік Қазақстанда жоғалған 27 жастағы әйелді күйеуі өлтірген болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанда жоғалған 27 жастағы әйелді күйеуі өлтірген болып шықты © tvk-uko.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен әйелдің күйеуі жасаған қылмысын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында жоғалып кеткен әйелдің күйеуі жасаған қылмысын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Полициядағылардың айтуынша, қазіргі уақытта "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қызметкерлер осыдан жеті күн бұрын жоғалған 27 жастағы Нұрипа Құрбанованың күйеуі берген түсініктерді тексеріп жатыр. Ер адам әйелін өлтірген соң, оның денесін Келес өзеніне лақтырып жібергенін мойындады. Айта кетейік, сүңгуірлер өзеннен әйелдің мәйітін таба алды.

Еске салайық, Нұрипа Құрбанова осыдан бір апта бұрын жоғалып кеткен болатын. Оның жоғалғаны туралы күйеуі хабарлаған еді. Енді әйелдің артында оның үш баласы қалды. Туыстарының айтуынша, Нұрипа төртінші баласына жүкті болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети