05 маусым 2015 | 14:16

Оңтүстік Қазақстан тұрғыны сыныптасын қайшымен бауыздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©gorod55.ru ©gorod55.ru

Оңтүстік Қазақстан облысында 25 жастағы ер адам өзінің бұрынғы сыныптасын қайшымен бауыздап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында 25 жастағы ер адам өзінің бұрынғы сыныптасын қайшымен бауыздап өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдары бойынша, сотталушы 15 наурыз 2015 жылы сағат 20:00 шамасында өзінің сыныптастарымен бірге Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында орналасқан "Керуен" мейрамханасында туған күнін атап өткен." Туған күнін атап өту барысында қылмыскер мас күйінде жәбірленушімен жанжалдасып қалады. Содан ол мейрамхананың ас бөлмесінде тұрған қайшыны алып, бұрынғы сыныптасының мойын тұсына бір рет ұрған. Нәтижесінде жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында қаза болған", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, соттың үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сот үкімі заңды күшіне енбеген.

Еске сала кетейік, осыған дейін төрт адамды өлтіргені үшін Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. 2014 жылдың ақпан айында 40 жастағы Евгений Еремин өзінің танысының үйіне қонаққа келіп, ішімдік ішкеннен кейін дау шығып, кеш соңы кісі өлімімен аяқталған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети