Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының тұрғыны өз әкесін қорқытып, 40 мың теңгесін тартып алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының тұрғыны өз әкесін қорқытып, 40 мың теңгесін тартып алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сотталушының әкесі сотта ұлының еш жерде жұмыс істемейтінін, бірнеше жылдан бері спирттік ішімдік ішетінін айтты. Сонымен қатар, әкесінің айтуынша, баласы қорқыту арқылы бірінші рет ақша тартып әкетіп отырған жоқ. Бұл ретте ұлы әкесін пышақпен қорқытып, 400 мың теңгесін тартып алды делінді.
Бірақ сот сотталушының қорқыту кезінде пышақты қолданбағанын және бұл оқиғаның бірнеше рет жасалмағанын анықтады. "Сайрам аудандық сотының 2015 жылдың 30 наурыздағы үкімімен Д.У.Барлибаев кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны түзеу колониясының жалпы режимде өтеуге деп белгіленді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Үкім заңды күшіне енбеді.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай ақпан айында болған еді. Отбасылық жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды. Атырау облысы Ақтоғай ауылының тұрғыны анасын өлтіргені үшін сегіз жылға сотталған болатын. Ол мас күйде үйіне келіп, өз анасын көргеннен кейін оны ұрып, тепкілеген. Сонымен бірге, ол анасын қабырға сағатымен сабаған. Әйел алған жарақатынан қайтыс болды. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот шешімі заңды күшіне енді.