Оңтүстік Қазақстанда әкесі өз баласын 40 мың теңге үшін соттатып жіберді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©altaynews.kz ©altaynews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының тұрғыны өз әкесін қорқытып, 40 мың теңгесін тартып алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының тұрғыны өз әкесін қорқытып, 40 мың теңгесін тартып алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушының әкесі сотта ұлының еш жерде жұмыс істемейтінін, бірнеше жылдан бері спирттік ішімдік ішетінін айтты. Сонымен қатар, әкесінің айтуынша, баласы қорқыту арқылы бірінші рет ақша тартып әкетіп отырған жоқ. Бұл ретте ұлы әкесін пышақпен қорқытып, 400 мың теңгесін тартып алды делінді.

Бірақ сот сотталушының қорқыту кезінде пышақты қолданбағанын және бұл оқиғаның бірнеше рет жасалмағанын анықтады. "Сайрам аудандық сотының 2015 жылдың 30 наурыздағы үкімімен Д.У.Барлибаев кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны түзеу колониясының жалпы режимде өтеуге деп белгіленді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. Үкім заңды күшіне енбеді.

Еске сала кетейік, осыған ұқсас жағдай ақпан айында болған еді. Отбасылық жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды. Атырау облысы Ақтоғай ауылының тұрғыны анасын өлтіргені үшін сегіз жылға сотталған болатын. Ол мас күйде үйіне келіп, өз анасын көргеннен кейін оны ұрып, тепкілеген. Сонымен бірге, ол анасын қабырға сағатымен сабаған. Әйел алған жарақатынан қайтыс болды. Сотталушы өз кінәсін мойындады. Сот шешімі заңды күшіне енді.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 509.91  course up  526.46  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer