29 қазан 2015 | 11:53

Оңтүстік Қазақстанда бетперде киген үш адам үйді тонап, иесін өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны оқ жарақатынан көз жұмды, оның үйіне қарулы шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны оқ жарақатынан көз жұмды, оның үйіне қарулы шабуыл жасалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 қазан күні сағат 22.00 шамасында болған. Жаралы ер адам Сарыағаш аудандық ауруханасына жеткізілді. 41 жастағы ер адам есін жимастан жан тапсырды. Кейін кешкі сағат 21.30 шамасында зардап шегушінің үйіне бетперде киген үш адамның шабуылдағаны анықталды.

"Олар итті атып тастаған, содан кейін үйдің иесіне оқ атты. Осыдан кейін зардап шегушінің әйелін қорқытып, 17 мың теңгені алып, оқиға орнынан қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазіргі таңда бұл ауыр қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру тобы құрылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети