ОҚО Мақтарал ауданында жұмыспен қамту бөлімінің жетекшісі пара алғанын мойындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2016 жылдың 21 шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті Мақтарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Б.Жүрімбетовті парамен ұстады. Жүрімбетовтің жеке тұлғадан оны жұмысқа алып, кейінгі болысушылық үшін 100 мың теңге көлемінде пара алғаны анықталды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Ол кінәсін толықтай мойындауына байланысты күдіктіге кепілмен босату түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалып, соталды тергеуді жеделдетілген тәртіпте аяқтау жоспарланып отыр.