Оңтүстік Қазақстан облысында көше ортасында қызды өлімші етіп сабаған екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адамдардың қызды ұрғаны бейнеленген видео YouTube видеохостинг жүктелді.
Оңтүстік Қазақстан облысында көше ортасында қызды өлімші етіп сабаған екі адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адамдардың қызды ұрғаны бейнеленген видео YouTube видеохостинг жүктелді.
Оқиға 28 маусымда Мақтарал ауданында болды. Видеодан қыздың екі ер адамның соңынан ергенін көруге болады. Қыз олардың бірін белгісіз себептермен балағаттай жөнеледі. Екі жігіттің бірі қызды сабасына түсірмек болып, оның қолынан ұстайды. Дегенмен қыз жігіттің айтқанына көнбей, екіншісіне тұра ұмтылады. Бұдан кейін ашуланған жігіт қызды өлімші етіп сабайды. Осылайша қыз екі минут шамасында таяқ жейді.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер бар!
Видео Nur.kz сайтынан алынды
Куәгерлер қызға араша түспеді. Олардың маңынан өткен ер адам ғана қызды ұрып жатқан жігітті сабасына түсуге шақырды. Видео жігіт қызды сөмкесімен басынан ұрып жатқан жерінен аяқталады.
Облыстық полиция жәбірленуші қыздың шағым түсіргенін, оқиға болғаннан кейін бірнеше күннен соң қызды ұрғандардың ұсталғанын хабарлады. Екі ер адам да 1980 жылы туған. Олар кінәсін мойындады. Жанжалдың неден туғаны анықталып жатыр. "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.