Оңтүстік Қазақстан облысында сотмедсараптамашы тексеруге алынған героинді ұрлап, сатпақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік Қазақстан облысында сотмедсараптамашы тексеруге алынған героинді ұрлап, сатпақшы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Іс материалдары бойынша, күдікті Исаев Сот сараптама орталығында есірткі заттарына зерттеу жүргізіп, 435,84 грамм героинді ұрламақшы болған. "Сотталған Исаев Д. өзінің сыныптасына героиннің бар екенін айтқан және одан сатып алушыны табуын өтініпті. 2015 жылы 16 наурызда оның сыныптасы Исаевты өзінің Сергей есімді танысымен таныстырыпты, ол - ҰҚК-ның штаттағы қызметкері", - делінген соттың хабарламасында. Тараптар героинді Nissan Patrol маркалы көлігіне айырбастауға келіскен, ол 20 мың долларға бағаланды. Алайда полиция Исаевты ұстап, келісім орындалмады.
Оңтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында аса ірі көлемде заңсыз есірткі затын жымқырып, сақтап, сатпақшы болған күдіктіге қатысты іс қаралды. Ол кінәлі деп танылып, 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.