Оңтүстік Қазақстанда ҰҚТ кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тартқан

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon 1734 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:polisia.kz Фото:polisia.kz

"Stop-трафик" операциясы барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған 20-дан аса притонды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Stop-трафик" операциясы барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған 20-дан аса притонды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, оның ішінде біреуі қанау мақсатында адам ұрлау дерегі бойынша, адам саудасы бойынша үшеу, жезөкшелікпен айналысуға тарту дерегі төртеу, оның ішінде екі кәмелетке толмағанды жезөкшелікке тарту дерегі де бар, сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды сату  дерегі тіркелген. Осылайша, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа арналған притондарды ұйымдастырудың немесе ұстаудың 28 дерегі анықталған. Бұдан бөлек, жезөкшелікпен айналысуға және жеңгетайлыққа әдейі үй-жайлар бергені үшін 20 әкімшілік құқықбұзушылық және интим қызмет пен қайыр сұрауға байланысты 294 әкімшілік құқықбұзушылық дерегі тіркелген.

Шымкент ПД полиция қызметкерлері құрамында 11 адам бар ұйымдасқан топтың жолын кескен. Олар ұзақ уақыт бойы Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларының аумағында жыныстық пайдалану мақсатында адам сатумен, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасымен айналысқан.

Қыздарды Қазақстанның түрлі қалаларынан "ВКонтакте" әлеуметтік желісі арқылы жұмысқа қабылдағаны, онда жақсы еңбек жағдайын, жоғары ақы төленетін жұмыс ұсынғандары анықталған. Кейін алдау және сенімге қиянат жасау, құжаттарды алып қою арқылы жезөкшелікпен айналысуға тартылған, сонымен қатар, қаланың жалдамалы пәтерлерінде, сауналарында және қонақүйлерінде одан әрі пайдалану үшін оларды сату және алмасу жүргізілген, алынған табысты өздері иемденіп отырған. Тыңдамаған жағдайда зорлық-зомбылық көрсеткен, бопсалап, ойдан шығарған айыппұлдар салған, есірткі (мефедрон) қолдануға мәжбүрлеген. Бұл дерек бойынша ұйымдасқан топ құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу, адам саудасы, кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту, притон құру, жеңгетайлық баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынған.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысында күш қолдану арқылы 30 жастағы қызды жыныстық қанау мақсатында ұрлап кеткен 43 жастағы ер адам ұсталған. ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы ("Адамды қанау мақсатында ұрлау") бойынша соталды тергеу басталған. Ал Абай облысында 32 жастағы әйел ұсталған. Ол үш апта бойы алдау жолымен 17 жастағы баланы жезөкшелікпен айналысуға тартып, табысын өзі алған. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 134-бабының 1-бөлігі ("Жезөкшелікпен айналысуға тарту") бойынша СДТБТ-де тіркелген, бұл іске қатысты тергеу жүргізілетіні белгілі болды. Қостанай облысының қызметкерлері жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысу үшін салонның жалға алынған үй-жайын ұсынған массаж салонының әкімшісін ұстаған.

Бұл дерекке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 450-бабы 1-бөлігі ("Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жай беру") бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

10°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю