14 сәуір 2015 | 16:26

Оңтүстік Қазақстанда үй иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланған күдікті оның жылқысын ұрлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Оңтүстік Қазақстанда үй иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланған күдікті оның жылқысын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, мал ұрлығы осы жылдың ақпан айында болған, бірақ бұл жайлы енді ғана белгілі болып отыр.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстанда үй иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланған күдікті оның жылқысын ұрлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Айта кетейік, мал ұрлығы осы жылдың ақпан айында болған, бірақ бұл жайлы енді ғана белгілі болып отыр.

"23 жастағы ұрыны тәртіп сақшылары осы жылдың ақпан айының ортасында құрықтады. Күдікті түнгі уақытта өзінің ауылдасының ауласына кіріп, үйдің иесі ұйықтап жатқанын пайдаланып, қорада тұрған жылқысын ұрлап кеткен. Жылқы 200 мың теңгеге бағаланды", - делінген баспасөз хабарламасында. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде, жақын маңдарды қарау барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағаттың ішінде қылмыстың ізін суытпай, көрші ауылға ұрланған жылқыны айдап кетіп бара жатқан ұрыны қолға түсірді. Полицейлер жылқыны айғақ зат ретінде тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Осы дерекке байланысты "Ұрлық" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, осы өңірде наурыз айында Бәйдібек АІІБ-нің кезекші бөліміне Түйетас ауылының 32 жастағы тұрғыны арызданып, түнгі уақытта ауласынан белгісіз азаматтың оның төрт жасар 250 мың теңгеге бағаланатын жылқысын ұрлап кеткенін айтқан.

Бәйдібек АІІБ-нің полиция қызметкерлері күдіктінің ізіне түсу барысында, бірнеше сағаттың ішінде тағы да бір мал ұрлығына күдікті 1994 жылы туылған жергілікті тұрғынды, жылқыны көрші ауылға айдап барып, сол жерде сатып, тапқан ақшасын өз қажеттілігіне жұмсамақ болған жерінен қолға түсірді. "Ұрланған жылқыны полиция қызметкерлері айғақ ретінде алып, аталған жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске салайық, осыған дейін сенатор Қуаныш Айтаханұлының Сенат отырысындағы Қылмыстық кодекс жобасын талқылау барысында мал ұрлығына қатысты жазаны ауырлатып, қылмыскердің мүлкін тәркілеу керек екенін ұсынғаны хабарланған болатын. Сенатордың сөзіне қарағанда, қазір жазаның жеңілдігіне орай, қылмыскерлер мал ұрлығынан тыйылмай отыр. Мұндай фактілер де аз емес әрі депутаттарға көптеген хаттар да келіп жатыр. "Сондықтан да жаңа Қылмыстық кодекстің ұрлыққа қатысты 188-бабындағы жазаны ауырлатып, жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынды еселеп қайтару үшін айыппұл мөлшерін арттырып, олардың мүлкін тәркілеу керек деп есептеймін", - деді Қуаныш Айтаханұлы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети