Оңтүстік Қазақстанның перзентханасында жаңа туылған нәрестелер сатылған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстанның перзентханасында жаңа туылған нәрестелер сатылған Иллюстрация. © Tengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысындағы №1 перинаталдық орталықта бас тартылған-жаңа туылған сәбилер сатылып келген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысындағы №1 перинаталдық орталықта бас тартылған-жаңа туылған сәбилер сатылып келген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа туылған нәрестелерді сатты деген күдікпен №1 перинаталдық орталықтың бөлім меңгерушісі мен неонатолог-дәрігері ұсталды. Олар белгілі бір уақыт ішінде баласыз отбасыларға, аналары босана салып бас тартқан сәбилерді сатып отырған. Сәбилердің құны 1-ден 3 мың долларға дейінгі аралықта болған. Сәбидің жаңа анасына ол перинаталдық орталықта босанды деп құжат рәсімделген.

Прокуратурадағылардың хабарлауынша, әзірше екі медициналық қызметкер ұсталғанымен, сәбилерді сатқандар едәуір көп.

Қазіргі таңда осындай 10 дерек анықталды, тергеу жүріп жатыр. Осыған байланысты, прокуратурадағылар жаңа туылған сәбилерді сату жағдайларының саны артуы мүмкін деп отыр.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети