Оңтүстік Корея азаматы Ким Хе Джин мен қазақстандық азаматша Сәуле Ермекбаеваға Алматыда караоке-барға жезөкшелерді жеткізумен айналысты деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оңтүстік Корея азаматы Ким Хе Джин мен қазақстандық азаматша Сәуле Ермекбаеваға Алматыда караоке-барға жезөкшелерді жеткізумен айналысты деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотқа дейінгі тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылы қыркүйекте Ким мен Ермекбаева алдын ала келісіп, өзара қылмыстық рөлдерін бөлісіп, коттеджді жалға алып, онда караоке-бар ашқан. Қылмыстық ойын іске асыру мақсатында олар интим қызмет ұсынатын қыздарды іздей бастаған. Жеңгетайлық қызметі үшін сотталушылар 100 теңгеден алып отырған, - деді Алматы қалалық соты Tengrinews.kz ресми хатына жауабында.
Сот ісі Алматының Алмалы ауданында өтіп жатыр. Ким Хе Джин мен Сәуле Ермекбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігі 2-тармағы 1-тармақшасы ("Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық") бойынша айып тағылған.
"Сот отырысы бірнеше рет кейінге шегерілген, себебі сқрау алынуы керек адамдар процеске қатыспады. Сот отырысы ашық түрде өтізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.