Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтың жаза мерзімі қысқарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда сотталған қазақстандықтың жаза мерзімі қысқарды

Оңтүстік Кореяда жеті жастағы баланы қағып кеткен қазақстандықтың жаза мерзімі қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Кореяда жеті жастағы баланы қағып кеткен қазақстандықтың жаза мерзімі қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, сот осыған дейін шығарылған үкімді тым қатаң (2 жыл 6 ай) деп санап, жаза мерзімін екі жылға өзгертті. Қорғанушы тарап Оңтүстік Кореяның Жоғарғы сотына бұл үкімге жеті күн ішінде шағым түсіре алады. Енді Сырым Шәрібек тергеу изоляторына қамалады.

Еске салайық, мұның алдында 20 жастағы қазақстандықтың Оңтүстік Кореяда бала қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалғаны хабарланған болатын. Жәбірленуші жансақтау бөліміне түскен. Ол 18 түрлі жарақат алған. Кейінірек күдікті Павлодардан табылған еді. Артынша қазақстандық өз еркімен Оңтүстік Кореяға қайта барған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети