"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы Жамбыл облысындағы өрт пен жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс аясында күдікті деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

"19 сәуірде прокуратура келісімі бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданы Саракемір кентіндегі өрт пен жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс аясында Қылмыстық кодекстің 453-бабы бойынша "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Бұған дейін Қайдар Қарақұлов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылған болатын.
Еске салайық, 26 тамызда Байзақ ауданында 28349 әскери бөлімінің аумағында өрт пен жарылыс болып, 17 адам қаза тапты. Бір адам хабар-ошарсыз кетті. Қаза болғандардың арасында төтенше жағдайлар департаментінің, прокуратура қызметкерлері мен әскери қызметшілер бар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!