ОҚО-да 17 мың теңгеге бола үй иесін өлтірді делінген күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да 17 мың теңгеге бола үй иесін өлтірді делінген күдіктілер ұсталды © Тengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында бетперде киіп, үйді тонап, иесін өлтірген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Күдіктілер 1987 және 1995 жылғы ер адамдар. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, олар өз кінәларын толық мойындады және полицейлерге қаруларын қай жерге лақтырғандарын көрсетті.

Күдіктілер УҰИ-ге қамалды. Оқиға дерегі бойынша екі баппен қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл тергеу департамент басшысының қатаң бақылауына алынды және қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. "Қазіргі таңда қылмысқа қатысы бар үшінші адамды ұстау шаралары жүріп жатыр, оның кім екені анықталды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, оқиға 27 қазанда Сарыағашта болды. Сағат 21.30 шамасында ауыл тұрғынының үйіне үш адам қарулы шабуыл жасады. Олар үй иесі мен сол үйдің итін атып тастады. Осыдан кейін зардап шегушінің әйелін қорқытып, 17 мың теңгені, 78 мың сомды алып, оқиға орнынан қашып кетті. 41 жастағы ер адам есін жимастан ауруханада жан тапсырды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети