ОҚО-да 80 жастағы батыр ана жиенін өзін зорлады деп айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да 80 жастағы батыр ана жиенін өзін зорлады деп айыптады Жәбірленуші мен оның қызы. © "Нұр Отан"

ОҚО Мақтаарал ауданында 11 баланың анасы, 80 жастағы зейнеткер жиенін өзіне зорлық жасады деп айыптап отыр. Жәбірленуші мен оның қызы құқық қорғау органдарының әрекетсіздігін айтып, "Нұр Отан" париясына шағымданған, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО Мақтаарал ауданында 11 баланың анасы, 80 жастағы зейнеткер жиенін өзіне зорлық жасады деп айыптап отыр. Жәбірленуші мен оның қызы құқық қорғау органдарының әрекетсіздігін айтып, "Нұр Отан" париясына шағымданған, - деп хабарлайды TVK телеарнасы.

Олардың айтуынша, ішімдік ішкен туысы қарияның үйіне түнгі сағат 3 шамасында келіп, қорқыта бастаған. Қария жиенін үйінен қууға тырысқанымен, ер адам оны тамағынан алып, әкесінің өліміне кінәлап, кейін өлтіру үшін далаға алып кетеді. Дегенмен ыңғайлы орын таппаған ер адам қарияға оны масқара ететін айтып, зорлап тастапты.

"Ол сараптамадан өтті. Тексерудің нәтижесі бар. Ал бізге 3 куәгердің керек екенін айтты. Әділдік қайда? Анам қартайған шағында осындай масқараны басынан өткеріп жатыр. Тергеушілер ештеңенің дәлелденбегенін айтады. Дегенмен мен оның кінәсін мойындағанын, ішіп алып біздің үйге келгенін айтқанын естідім. Ал тергеушілер уақытты созып жатыр, бізден жасырынып, телефонды көтермейді. Анам болса ұяттан өртеніп, адамдардың бетіне қараудан қалды. Ал кінәлі адам күн сайын үйдің қасынан жәйбарақат өтіп жүр", - деді жәбірленушінің қызы Маржан Абылаева.

Ауданның тергеушілері оқиғаның наурыз айында болғанын, жәбірленушінің полицияға екі аптадан кейін хабарласқанын айтты. Төрт сараптама жүргізілген, дегенмен ер адамның қарияны зорлағаны дәлелденбепті. Сондықтан да қылмыстық іс жабылған.

Ал "Нұр Отан" партиясындағылар әйелге көмек көрсету мақсатында істі қайтадан тергейтіндерін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети