ОҚО-да анасы алты жасар ұлын ұрып-соққан. Бала ауруханаға ауыр халде түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да анасы алты жасар ұлын ұрып-соққан. Бала ауруханаға ауыр халде түсті © 5min.by

Оңтүстік Қазақстан облысында әйел адам алты жасар баласын ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында әйел адам алты жасар баласын ұрып-соққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы 10 қарашада 09:35-те Сайрам АІІБ кезекші бөліміне аудандық ауруханаға 2011 жылы туған аудандағы мектептердің бірінде оқитын баланың түскені туралы хабар түскен. 

"Баланы ауыр халде ауруханаға жеткізген. Полицейлер тексеру барысында алты жасар баланы Сайрам ауданының 1981 жылғы тұрғыны, анасы ұрып соққанын анықтады", - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Полицейлер әйел адамды ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды. Осы іске қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру"). Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети