ОҚО-да ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткендер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да ер адамды ұрып-соғып, тонап кеткендер сотталды

ОҚО-да Мақтарал ауданының тұрғынын тонағандарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да Мақтарал ауданының тұрғынын тонағандарға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға ақпан айында болған. 2018 жылғы ақпанда Мақтарал АІІБ-нің кезекші бөліміне ауруханадан оларға ер азаматты дене жарақатымен жеткізгендігі туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер Жетісай қаласындағы қонақүйлердің бірінің жанында 29 жастағы жәбірленушіге белгісіз біреулердің шабуыл жасап, ұрғандығын және оның 350 мың теңгесін ұрлап әкеткендігін анықтаған.

"Осы дерек негізінде ҚР ҚК-нің "тонау" бабы бойынша СДТБТ-не тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Мақтарал АІІБ-нің қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті жердің 1993 және 1994 жылы туған тұрғындарын анықтап, ұстады. Тонау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі таңда жігіттердің үстінен соттың шешімімен шартты түрде екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарылған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети