ОҚО-да өз анасын өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОҚО-да өз анасын өлтірген ер адам 15 жылға сотталды © 24.kz

Өз анасын тепкі астына алып, өлтірген ер адам Самал Мамыт 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ТVК арнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өз анасын тепкі астына алып, өлтірген ер адам Самал Мамыт 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды ТVК арнасы. 

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылды, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болады. Бұл шешімді қылмыстық істер жөнініндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Дәурен Мадалиев шығарды.

Еске салайық, оқиға Бәйдібек ауданы, Амансай ауылында 17 сәуір күні болған. Самал есімді азамат ішімдікке тойып алып, анасының үйіне келген. Баласының мас халде көрген Күлбибі Қабылбайқызы ашуға мініп ұрыса бастаған. Қатты сөйлеген ананың, сөзін көтере алмаған ер адам, әбден тепкінің астына алған. Қатты соққының салдарынан егде жастағы әйел қайтыс болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети