Орал қаласы ПБ бастығының орынбасары парамен ұсталғаннан кейін төрт күн ауруханада болған

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қаласы ПБ бастығының орынбасары парамен ұсталғаннан кейін төрт күн ауруханада болған Фото: mgorod.kz

Орал қаласы ПБ бастығының орынбасары парамен ұсталғаннан кейін төрт күн ауруханада болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орал қаласы ПБ бастығының орынбасары парамен ұсталғаннан кейін төрт күн ауруханада болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

4 ақпанда Орал қалалық ІІБ бастығының орынбасары Эдик Булатов пара алып жатқан жерінде ұсталды. Бір күннен кейін БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейге ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы "Пара алу" бойынша айып тағылғанын түсіндірді.

Кейін Булатовтың тергеу изоляторынан ауруханаға жатқызылғаны хабарланды.

"5 ақпанда Эдик Булатов уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторына ауыстырылды. Ал 8-11 ақпан аралығында ол үшінші сатыдағы артериялық гипертензия диагнозымен Орал қаласындағы ауруханаға жатқызылды. Қазір қамауға алынған азаматтың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық", - деп түсіндірді Азамат Ізтілеуов.

Еске салайық, Эрик булатов 4 ақпан күні 4 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес полковник Булатов есірткі қылмысын жасыруға уәде беріп, пара алған. Оны елордадан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі қауіпсіздік басқармасының тобы ұстады.

Эдик Булатов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіндегі қызметін 1995 жылы бастады. 2018 жылы Орал қаласына көшіп келген. Алғашында жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы, кейін есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасын басқарып, кейін Орал қалалық ІІБ бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети