08 қаңтар 2018 | 23:35

Орал мешітінде 370 мың теңге ұрлаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алла үйіне иманды жанның кейпінде келіп, сұғанақтық жасаған жігіттің әрекеті мешіт ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Алла үйіне иманды жанның кейпінде келіп, сұғанақтық жасаған жігіттің әрекеті мешіт ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, 25 жастағы ұры жігіт жаман ойын Оралдағы екі мешітке келушілерге арналған әжетханада жүзеге асырыпты. Яғни келушілер жуынып-шайынып, намаз оқуға кеткенде бұл олардың сырт киімдерінен ақша ұрлаған. Аспай-саспай әрекет еткеніне қарағанда, бейнебақылау камерасының бар екенін білмесе керек. Қазір қамауда отырған бұл жігітке қатысты полицейлер ұрлық бабы бойынша  іс қозғады.

Айта кетейік, жаман әдетті жанына серік еткен жігіт - Атырау облысының тумасы. Бұрын да ұрлық жасағаны үшін сотты болып, абақтыдан жақында ғана шыққан көрінеді.

"Мешітке келіп, құлшылық жасаймын деп ғибадат орындарына келіп, мұндай іс-әрекетке барған тұрақты жамағатымыз емес. Біз құзырлы мекемелерге толыққанды мәселені өткіздік. Қажетті мамандар тартылды, шақырылды. Және осы мешітте зардап шеккен азаматтардың барлығынан арыз өткізілді", - дейді Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрғынбеков (Дереккөз: КТК). 

Желіде тарап жатқан видеоға қарағанда, ер адам мешітке келушілерден 370 мың теңге көлемінде ақшасын алып кеткен. Видеода ер адам осы соманы алғанын растайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети