27 мамыр 2021 | 09:16

Оралда 13 жастағы өгей қызын зорлаған ер адамға сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © ktk.kz/қыздың анасы Фото: © ktk.kz/қыздың анасы

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 34 жастағы Болат Аймағамбетовке қатысты үкім шықты. Ол 13 жастағы қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 34 жастағы Болат Аймағамбетовке қатысты үкім шықты. Ол 13 жастағы қызына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның жантүршігерлік әрекеті туралы оқиғаны алғаш рет "НеМолчиKZ" қоғамдық қоры жариялады.

"Әйелі мен балаларын ұрып, ал үлкен қызын 1,5 жыл бұрын зорлауды бастаған. Бірде әйелін есінен тандырып тастаған. Қызы анасы қайтыс болды деп ойлап, бар сұмдықты айтып берген", - деді қоғамдық қор өкілдері Facebook-парақшасында.

Айыпталушының кінәсі жәбірленуші, оның заңды өкілі, куәгерлер айғағы, сараптама қорытындысы, оқиға болған жерді қарау хаттамасымен дәлелденді. Сот сотталушының екі баласының болуын жеңілдететін жағдай ретінде ескерген.

"Аймағамбетов ҚР ҚК-ның 121-бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК-ның 124-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу орны ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі болады", - деді судья Бақыт Ермаханов үкімді оқу кезінде.

Жәбірленуші тарап үкіммен келісті. "Оқиғадан кейін қызым өзіне қол жұмсауы да мүмкін еді. Алғашында күйеуім екеуміз жақсы тұрдық. Бірақ кейін қызы дүниеге келгеннен кейін ол мені ұра бастады. Басымнан ұрғанда құлап түстім, кейін қызым маған шындықты айтты. Ол мені өлтіреді деп қорыққан", - деді қыздың анасы Самира Досталиева.

Үкім заңды күшіне енген жоқ және шағым жасалуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети